Ардагерлер үйінде бүгінде 330 жуық қария тұрады. Басар тауы, барар жері болмағандықтан көпшілігі осында келген. Тұрғындардың ішінде намазхандары да бар. Сол кісілердің өтініші бойынша, бұл жерде намаз оқитын бөлме ашылған. Былтыр Діни басқарма екі ақсақалды кіші қажылыққа жіберіпті. Биыл Ардагерлер үйінен тағы бір адам жолдама алды.
Ержан Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти
-Құранда Аллах-тағала: «Ата-анаңа жақсылық жаса», – дейді. Пайғамбарымыздың хадистерінде де келеді, егер ата-анаң саған разы болмаған болса, Алла разы емес. «Міне, ата-ананың разылығы Алланың разылығы», – дейді.
Мұнда сан қилы тағдырлар тоғысқан. Тұрғындардың кейбірі жалғыз басты болса, кейбірінің бала-шағасы бар. Қариялардың: «Бұл жерде қасірет пен қуаныш, үміт пен арман қатар жүреді», -деуі сондықтан болар.
Әйіб Байғұлов, Ардагерлер үйінің тұрғыны
-2010 жылы келдім. Февраль айының 16-сы күні. Содан бері осындамын. Үш қыз бар. Үш қыздың екеуі осы жақта тұрады осы Алматыда. Үлкені Семейде тұрады. Олар маған общаться етпейді, қатынас жасамайды.
Ардагерлер үйінде медициналық, психологиялық сынды арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетіледі. «Кітапхана, спорт зал, қысқы бақ та бар. Дегенмен отбасының орны бөлек», – дейді мамандар.
Нұрзия Әлімбекова, Ардагерлер үйі директорының орынбасары
-Іздеп келіп жататындары да бар. Ал біздің қарияларымыз зейнетақыларын жинап, қолдарына буып-түйіп отырып: «Немереме беремін», – деп немересіне үлестіретін де зейнеткерлеріміз де бар.
1 қазанда Дүниежүзі мейірім мен құрмет, халықаралық қарттар күнін атап өтті. Осыған орай бүгін қаладағы №2 балалар үйінің оқушылары келіп, ата-әжелерінің қал-жағдайларын біліп қайтты.
Тілші: Ұлан Нарынбек
Оператор: Серік Бақбаев
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру