Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі, Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев қажылық компанияларының басшыларымен ресми кездесу өткізді.
Алқалы жиында миссия мүшелері қажылардың денсаулығын қатаң қадағалау, жол қозғалысы қауіпсіздігін сақтау, имамдардың уағыз-насихат жұмыстарын жүйелеу, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызмет көрсету сапасын арттыру, т.б. мәселелерді талқылады.
«Қажыларға қызмет көрсету – бәрімізге жүктелген абыройлы міндет. Баршаңызды жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарауға және ұлық сапарда белсенділік танытуға шақырамын», – деді Ғылымбек Жәдігерұлы.
Биыл елімізден аттанған 5000 отандасымызға 20 қажылық компаниясы қызмет көрсетуде.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
01.10.2014
4331
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру