Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қажылық миссиясы: қажыларға қызмет сапасы – басты назарда

30.09.2014 4798 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қажылық миссиясы Қазақстан қажыларына қызмет етіп жатқан 20 қажылық компаниясының төртеуінің жұмыстарын тексеріп, қажылардың хал-күйлерімен танысты. Тексеріс жұмыстарының басты мақсаты – компаниялардың қажыларға қызмет көрсету деңгейі мен сапасын басты назарда ұстау.

ҚМДБ Қажылық миссиясының төрағасы Ғылымбек Мәжиев компания басшыларына жерлестеріміздің денсаулығына, қажылық парыздарын дұрыс атқаруына, күнделікті тұтынатын тамақтардың сапасына жіті бақылауды тапсырды. Тексеру жұмысы барысында отандастарымыз орналасқан қонақ үйлердің тазалығына да көңіл бөлініп, үгіт-насихат жүргізіп отырған имамдардың жұмысына да оң баға берілді.

Сонымен қатар миссия мүшелері қажылармен кездесіп, қасиетті жерге қадам басқан қандастарымызбен сұхбат жүргізді. Кездесу барысында Ғылымбек Жәдігерұлы қажыларға Қазақстан мұсылмандарының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемдемесін жеткізіп: «Біз үшін ең бастысы Сіздердің қажылық парыздарыңызды өз деңгейінде орындап, елге аман-есен оралуларыңыз! Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)  бiр хадисiнде:Қажылар және  умраға барушылар – Алланың жер-жерден келген өкiлдерi және меймандары. Егер олар Алладан сұраса, Алла оларға бередi. Кешiрiм сұраса Алла кешiредi, шафағат сұраса шапағатқа бөленедi және дұға етсе дұғалары қабыл болады» - деген. Сол үшін елімізге, жерімізге барша мұсылмандарға береке-бірлік тілейік» - деп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы атынан жайылғалы отырған дастарханға шақырды. 

 

www.muftyat.kz 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру