Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

40 имамның қажылығына демеушілік жасады

29.09.2014 4283 0 пікір

40 имам дін жанашырының демеушілігімен қажылығын өтемек. Бұл туралы Алматыдағы «әл-Мәдина» мешітінде қажыларды шығарып салу рәсімінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мәлімдеді.

«Ислам – қайырымдылық діні. Асыл дініміз өзгелерге жәрдем беруге шақырады. Биыл еліміздің бір кәсіпкер азаматы 40 адамның қажылығына демеуші болды. Бірақ бізге бір өтінішін білдірді. «Қажылыққа баруға қаражаты жоқ, ауылдағы мешітте имамдық қызмет етіп жүрген молдаларды жіберсеңіздер», – деді. Айлық алмаса да мешіт ұстап отырған ақсақал молдалар көп. Кәсіпкер ағамыздың шарапатымен биыл 40 ауыл имамдары қажылыққа аттанды. Ол кісіге Алла разы болсын. Осындай қайырымды адамдар көбейсе, нұр үстіне нұр», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Биыл елімізден 5000 адам ұлы сапарға аттанды. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру