Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қажыларымыздың соңғы легін қасиетті қалалар – Мекке мен Мәдинаға шығарып салу рәсіміне қатысты.
«Түркия, Индонезия, Иран секілді мұсылман елдерінде бауырларымыз қажылыққа бару үшін кезекке тұрады. Өйткені, бөлінген қажылық квотасы бәріне бірдей жетпейді. Сол себепті, мұсылмандар кезегін күтеді. Тіпті, кейбір адамдардың арманы орындалмай, өмірден өтіп кетеді екен. Ал бізде Құдайға шүкір, ондай мәселе жоқ. Қажылыққа емін-еркін баруымыз әуелі Алланың, Тәуелсіздігіміз бен татулығымыздың арқасында. Тыныштық орнаған қоғамда дін де өркендейді», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Бас мүфти қажылардан еліміз бен жеріміздің тыныштығы, бірлігі мен берекесі үшін дұға етудің маңыздылығын айтты. Оларға сәт сапар тілеп, дұға жасады.
«Нұр Қазақстан» қажылық компаниясының қажылары Бас мүфти батасынан кейін қажылық курсына қатысып, ұлы сапардың шарттары мен тәртібі жайлы дәріс тыңдады.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.09.2014
4663
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру