Алматы Орталық мешітінде қажыларға арнайы дәріс өтті. Мақсат – отандастарымыздың қажылық рәсімдерін дұрыс атқаруда білімдерін арттыру, ұлы сапардың маңызды тұстарын түсіндіру.
Қажылықтың қасиеті мен ұлы құлшылықтың артықшылықтары туралы айтылып жатқан дәрісте уағыз тыңдап отырған бір қария көз жасына ерік берді. Уағыздан әсерленген ақсақал қажылыққа бару туралы арманының орындала бастағанына қатты қуанып, жүрегі толқып, көңілі босап қоя берген.
Бүгінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен еліміздегі мешіттерде қажылық курстары ұйымдастырылып, сауаттандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде.
Айта кетейік, биыл елімізден 5000 отандасымыз ұлы сапарға аттанбақ.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.09.2014
5013
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру