Рухани ұстаз – жас ұрпақ болмысының сәулеткері. Олар сол сенімді ақтай отырып, парасатты, ұлттық және рухани құндылықтарды бойына сіңірген болашақ дін қызметкерлерін тәрбиелейді. Сондықтан, ұстаздардың білім деңгейі өте маңызды.
Осы мақсатта «Әбу Ханифа» және «Үш қоңыр» медреселерінің ұстаздары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының арнайы сараптауынан өтті. Медресе ұстаздарының біліктілік деңгейінің қызметіне сәйкестігі «фиһқ, ақида, тәжуид, араб тілі» пәндері бойынша анықталды. Сараптаманы ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің бас маманы Сансызбай Шоқанов жүргізді.
Айта кетсек, осыған дейін республикалық 9 медресенің ұстаздары сараптамадан өтіп, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығы бойынша қызмет етуде.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
22.09.2014
6278
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру