Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти наиб имамдармен кездесті

13.08.2014 4660 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз Алматы қаласының наиб имамдарымен кездесіп, діни қызметті жетілдіру, имамдардың қарым-қабілетін жан-жақты көтеру туралы тренинг өткізді.

Басқосуда дәстүрлі дінімізге жат ағым өкілдеріне қатысты үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық беру қажеттігі айтылды. Біріншіден, мешітке келген жамағатпен жеке жұмыс жасау, олардың тұрмыс жағдайына, отбасына көңіл бөлу, мүмкіндігінше көмек көрсету. Жамағаттың басын біріктіретін іс-шаралар, спорттық ойындар ұйымдастыру мәселесі де талқыланды. Екіншіден, жастарымыздың өзге діни ағымдардың жетегіне кетуін алдын алу. Серікбай қажы Сатыбалдыұлы жас буын өкілдерімен байланысты күшейту, шәкірт тәрбиелеу мәселесіне назар аудару қажеттігін жеткізді. Үшіншіден, имамдардың діни сауатын көтеру, ХХІ ғасыр – білім ғасырында біліктілігін арттыру. Наиб мүфти дін қызметкерлеріне фиһқ, ақида пәндерінен тереңдетілген жүйелі дәріс жүргізуді, имамдар арасында тәжірибе алмасу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды екенін сөз етті.

«Мешітті әркім өз үйі ретінде сезінуі тиіс. Діни қызмет – үлкен аманат, сауапты да жауапты жұмыс. Сондықтан исламды имамға қарап түсінетіндей дәрежеге жетуіміз керек. Діни салада әсте босаңсуға болмайды», – деді Серікбай қажы Ораз.

www.muftyat.kz  

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру