Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Нұр-Мүбарак" университетінің дайындық курсына талапкерлерді оқуға шақырады

26.07.2014 8765 0 пікір

Нұр-Мүбарак  университетінің жанынан жаңа ашылған дайындық курсы 1 қыркүйектен бастап  келесі  2015-2016 оқу жылына оқуға талапкерлер қабылдайды. 

Оқу мерзімі - кемі 8 ай. Осы мерзімде  Құран Кәрім, араб тілі, ислам фиқһы, ақида пәндері бойынша жүйелі түрде сабақ жүргізіледі.

Сабақты университет  бітіріп келген білікті мамандар  жүргізеді. Дайындық курсына жасы 30-ға толмаған ислам жолымен жүретін талапты, қабілетті жастар іріктеліп алынады.

Талапкерлерге тегін  жатақхана, асхана мен қамтамасыз етіледі.

Дайындық курсына түсуші талапкерлерден  құжаттар екі кезеңмен қабылданады; 1-ші кезең  20 тамыз бен мен 1 қыркүйек  аралығында құжаттар қабылданып, 2-5 қыркүйек  аралығында сұхбат өткізіледі. 2-ші кезең 20 қыркүйектен бастап 1 қазан аралығында құжаттар қабылданып, 1-5 қазан  аралығында сұхбат өткізіледі.

Керекті құжаттар:

- Өтініш;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама+ флирография снимок;
- Жеке куәлік көшірмесі.

Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін Наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

 Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «академиялық қалашық» аялдамасы
тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-34. Факс: 8 (727) 302-09-30
Сайт:  www.nmu.kz
E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру