Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Қасиетті айдағы қайырымдылық: «Рамазан сыйы»

16.07.2014 4528 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры мен Алматы қаласы Орталық мешітімен бірлесе «Рамазан сыйы» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Алматы қаласындағы тұрмысы төмен 200-ден астам отбасына қасиетті Рамазан айына орай қайырымдылық көмек (азық-түлік, күнделікті тұтынатын заттар: күріш, сұйық май, қант, макорон, ұн, т.б.) көрсетіледі. Қасиетті айдағы қайырымдылық шарасына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, еліміздегі барлық мешіттерде осындай ізгі істердің жүзеге асып жатқанын мәлімеді.

«Рамазан – қайырымдылық айы. Бұл айдағы игі амалдың, қайырымдылық көмектің сауабы сансыз. Діни басқарма жыл басынан бері үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық берді. Соның бірі – қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастыру. Бүгінгі акция тек Рамазан айымен шектеліп қалмай, жыл бойы жүзеге аса бермек», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру