Еліміздің барлық мешіттерінде «Сендердің жақсыларың Құранды үйренгендерің және оны үйреткендерің» деген хадиске амал етушілердің қатары көбейіп келеді.
Бүгін осы мақсатта күллі мұсылман жұртының мерекесі Рамазан айы қарсаңында Алматы Орталық мешітінде Құран жарысы ұйымдастырылуда. Бұл жарысқа 15- жас аралығындағы 60- астам бала бақ сынап жатыр.
Бес адамнан тұратын қазылар алқасы әрбір талапкерді екі түрлі сыннан өткізеді. Демек, әркім өзі дайындалып келген сүрені мақамына келтіріп оқу, және Құранның 30-шы парасын жатқа оқып беру керек.
Байқау соңында жеңімпаздарға жүлде таратылып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталады.
1-орынға - 75 000 теңге, 2-орынға - 55 000 теңге, үшінші орынға 35 000 теңге беріледі. Сондай-ақ бес ынталандыру сыйлығы ретінде электронды Құран үлгілері беріледі.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.07.2014
4619
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру