Қасиетті Рамазанның ерекшелігінің бірі мүмкіндігі бар жомарт жандардың Алла Тағаладан мол сауап күтіп, ораза ұстаушыларға ауызашар беру дәстүрі осы қасиетті айдың алғашқы күнінен басталды. «Аттан, Қазақстан!» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбеков қаншама жылдардан бері қалыптасқан дәстүр бойынша зағиптарға көп кісілік асханада ауызашар берді.
– Мүмкіндігінше биылғы Рамазан кезінде де 26 кеш осы зағип жандарға ауызашар беру ниетіндемін, - дейді Амантай қажы. Ниетіңізге жетіңіз, мол сауапқа кенеліңіз, Әбеке!
Қаншама жылдардан бері үлкен мейрамханаларда ауызашар беруді жүйеге қойған «Райымбек» қайырымдылық қорының төрайымы, үлкен дін жанашыры Сәуле қажы Бекенқызы да Рамазанның екінші кешінде бір топ кісіге Алматыдағы Өзгүрт мейрамханасында ауызашар берді.
– Осы айда Алла қаласа сүйікті Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауаттар жинағын шығарып, тарату ниетіндемін, - дейді қайрымдылық қорының төрайымы.
Бұл кісіге де ниетіңізге жетіңіз құрметті дінжанашыры демекпіз.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.07.2014
4872
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру