Алматы Орталық мешітінің бастамасымен «Таугүл-3» мешітінің ұйымдастыруымен қала имамдары үшін семинар-тренинг өтті.
Семинар-тренинг «Телевидение және оның мәдениеті» тақырыбы аясында өрбіді. Басты мақсат – тележурналистика мамандарының риторикалық тәжірибесімен танысу, теледидарға сұхбат беру, оның техникалық ерекшеліктері туралы жан-жақты пікір алмасу болды. Мамандар: «Дін қызметкерлерінің заманға лайық жұмыс жасай білу үшін, әрі оразаға дайындық ретінде мұндай шаралар өте маңызды», - деген пікірлерін білдірді.
Аталған семинарға ҚМДБ-ның аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, «Асыл арна» телеарнасының бас редакторы Болатбек Қожан, режиссер Ермұхан Иманбаев, Алматы қаласы тілдерді дамыту, мұрағат және құжаттама басқармасының бастығы Мамай Ахет, Алматы телеарнасы «Бес парыз» бағдарламасының жүргізушісі Ермек Мұхатай қатысып, тренинг жүргізді. Бейне баян көрсетіліп, ұсыныстар айтылды.
Мұндай маңызды тақырып аясында айтылған пікірлер мен пайдалы кеңестерді тыңдауға Алматы қаласының 50-ге жуық имамдары келді. Заманауи журналистикаға қатысты қызықты ақпараттармен еліміздің ең тәжірибелі журналист мамандары ой бөлісті.
Семинардың жұмысы бағдарлама бойынша екі бөлім бойынша жүргізілді. Алдағы уақытта осындай семинар-тренингтерді республиканың барлық аумағында өткізу жоспарланып отыр.
Осындай игілікті іске мұрындық болған «Таугүл-3» мешітінің бас имамы Нұржан Дарқұлов Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының алғыс хатымен марапатталды.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.06.2014
3987
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру