Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Зекет» қорының жұмысы пысықталды

29.05.2014 4952 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған «Зекет» қорының аймақтағы өкілдері Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына 4 айлық жұмысының есебін берді.

Бас мүфти алқа мәжілісте қордың құрылу мақсаты мен міндетін, алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жоспарына тоқталып, сауапты істер мен қайырымдылық шараларды жиі ұйымдастыру керектігін айтты.

Сонымен қатар, халықтың діни сауатын арттыру, асыл дініміз Исламды насихаттау үшін кәсіпкерлерді зекет қорының жұмысына атсалысуға уағыз-насихат арқылы шақыруды тапсырып, бір қатар тапсырмалар берді.

Еске сала кетсек, бүгінде діни басқарма жанынан ашылған «зекет» қоры 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 144 ауыл имамдарына орташа есеппен 20 мың теңге мөлшерінде жалақы беруді қолға алған болатын.

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру