Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Жүректен жүрекке» атты донорлық акцияcы

23.05.2014 5172 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық қан орталығымен бірлесе отырып, Алматы қаласы бойынша «Жүректен жүрекке» атты донорлық акция ұйымдастыруда.

23 мамыр күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен "Жүректен жүрекке" атты қан беру акциясы өткізілмек. 

Өкінішке орай бүгінде донорлардың жетіспеушілігі алаңдатады. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Республикалық қан орталығымен бірлесе отырып осындай игі шара ұйымдастыруда. Шараның мақсаты қала халқы мен мешіт жамағатының қанға мұқтаж адамдарға қол ұшын беруіне ұйытқы болу. 

Акция Алматы орталық мешітінде 23 мамыр күні 10.00 - 16.00 аралығында өтеді.  

Сондай-ақ дәл осы игі шараның жалғасы Алматы қаласын қамтып:

  • 30-мамыр күні Айша бибі (Ақсай) мешітінде;
  • 6 маусым күні Орбита мешітінде;
  • 13 маусым күні Төле би (тастақ) мешітінде;
  • 20 маусым күні Бекет-ата (Шанырак-1) мешітінде;
  • 27 маусым күні Райымбек батыр (Думан ықш.) мешітінде өткізіледі.

 

Іс-шараның өтетін уақыты 10.00-16.00 аралығы. Мүмкіндігі бар барша қала тұрғындарын осы игі шараға қатысуға шақырамыз.

Донор болуға 18 жастан жоғары, дені-қаны сау адамдар қатыса алады. Қан берердің алдында бірнеше сағат бұрын алкогольді заттар қабылдамаңыз, темекі шекпеңіз және қан бергеннен кейін де одан сақтаныңыз. Себебі никотиннен қанға түсетін улы заттар науқастар үшін, әсіресе жаңа туған нәрестелер үшін аса қауіпті. 
 Қан тапсыруға өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді міндетті түрде ала келіңіз: 

Қан тапсыратын күні сондай-ақ ащы, аса майлы және сүтті тағамдарды қабылдамаңыз. Есесіне жеміс-жидек, көкөніс, бидай өнімдерін тұтыныңыз. Қан беруге ең оңтайлы уақыт ас ішкеннен соң 2-3 сағаттан кейін беру. 

Қан берген соң міндетті түрде бір тостақ су немесе шырын немесе шәй ішіңіз! 
Ұлы Жаратушымыз Алла Тағала Құран кәрімде Бақара сүресінің 160-шы аятында: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оның сыйын он есе қылып беремін»,- дейді.

Донор болу арқылы - сіз біреудің өмірінің құтқарылуына себеп бола аласыз!  

 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру