Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: қарттар үйінің тұңғыш қажылары (ФОТО)

11.05.2014 4846 0 пікір

Өткен жылы қасиетті Рамазан айында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы ардагерлер үйінде ауызашар берді. Дастархан басындағы емен-жарқын әңгіме кезінде қарттар бес уақыт намазға жығылғанын мүфтиге қуанышпен жеткізіп еді. Сол сәтте Ержан қажы Малғажыұлының: «Менің тарапымнан сіздерге баға жетпес сыйлық болсын. Сіздерге қажылыққа тегін жолдама бергізейік. Еліміз бен жеріміз үшін дұға-тілек жасап қайтыңыздар», – дегені есімізде.

Жуырда кіші қажылығын өтеп келген Қанен Нұрпейісов ақсақал Бас мүфтидің қабылдауында болып, алғысын-рахметін айтты.

«Мүфти-хазрет, Алматыдағы қарттар үйінің құрылғанына 12 жылдан асыпты. Сіздің Діни басқармаға келуіңізбен Алланың қалауымен тұңғыш рет қажылыққа бардық. Ауызашарда айтқан уәдеңіз бойынша аман-есен Мекке мен Мәдинаға барып, құлшылығымызды өтеп келдік. Қарттар үйіндегі ата-әжелер әуежайдан шашу шашып, күтіп алды. Бұл өмірімде ұмытылмайтын үлкен оқиға болды. Бала-шағам жасамаған жақсылыққа сіз себепкер болдыңыз. Алла разы болсын, сізге. Бұл жақсылығыңызды еш ұмытпаспын. Жұмысыңыз алға басып, Алланың, халықтың ризалығына бөлене беріңіз», – деді 74 жасты алқымдаған Қанен қарт.

Биыл Бас мүфтидің бастамасымен Алматыдағы Қарттар үйінен Қанен Нұрпейісовпен бірге Жайсаңбай Қаңтарбаев та кіші қажылығын өтеді.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі

www.muftyat.kz 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру