ТАЛАПКЕР-2014
Нұр-Мүбарак университетi – Елiмiздегi жоғары бiлiмдi имамдар, исламтанушылар, дінтанушылар, араб және ағылшын тілі мамандарын даярлайтын бiрегей оқу ордасы. Оқу орнында Египет пен Қазақстанның бiлiктi доктор-профессорлары, мамандары сабақ бередi.
Университет студенттерiне Египеттің ЖОО-да курстардан, машықтанудан өтуге, магистратура мен докторантурада бiлiмiн тереңдетуге, ғылыммен айналысуға мүмкiндiк жасалған.
Бакалавр
- «5В021500 - Исламтану» (ерлер және қыздар бөлiмi)
- «5В020600 – Дiнтану»
- «5В011900–Шет тiлi: екi шет тiлi» ( араб-ағылшын тiлдерi және ағылшын-араб тiлдерi)
Сырттай бөлім
- «5В020600–Дiнтану» (Екінші жоғары білім).
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім:
|
Магистратура - «6M021000-Шетел филологиясы»; - «6М020600- Дінтану» - «6М021500 - Исламтану» |
Докторантура - «6D021500 - Исламтану» - «6D020600 – Дiнтану» - «6D021000–Шетел филологиясы» |
Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден құжаттар 20 маусым мен 1 шілде аралығында қабылданып, 2-7 шілде аралығында Құран, Ақида-фиқһ ілімдері бойынша шығармашылық емтихан тапсырады. 17-23 шілде аралығында Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу өткізіледі. Басқа мамандықтарға кешенді тестілеу және ҰБТ-дан өту балын жинаған талапкерлер қабылданады.
Керекті құжаттар
- Өтініш;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 3x4 мөлшердегі 6 фотосурет;
- 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
- 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
- Жеке куәлік көшірмесі.
Сондай-ақ, Исламтану мамандығына түсетіндер үшін Наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.
Алматы. әл-Фараби даңғылы 73. «академиялық қалашық» аялдамасы.
тел.:8 (727) 302-09-40, 302-09-34. Факс: 8 (727) 302-09-30.
Сайт: www.nmu.kz E-mail: nur-mubarak2001@mail.ru.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.05.2014
7821
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру