Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Жамбылда өткен аттестация: қорытындысы мен шешімі

04.05.2014 4744 0 пікір

2014 жылдың 21-26 Сәуірінде ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Жамбыл облысы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өткен болатын. Сараптама қорытындысы төмендегідей:

Жамбыл облысына қарасты мешіттерде қызмет ететін 251  діндар тұлғаларға  аттестация жұмыстары жүргізілді. Аттестация барысында комиссияның шешімімен 20 адам қызметтерінен босатылды.

«Жақсыға» жауап бергендер саны – 54. «Қанағаттанарлық» бағаға ие болғандар саны – 173. Ал 4 адам сынақтан сүрінді.

Облыс бойынша алдағы уақытта мешіттерде көп жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан дін мамандарының жұмыстарын одан әрі  жандандыра түсу мақсатында аттестациялау комиссиясының шешімі негізінде ротациялау (ауыстыру) жұмыстары жүргізілмек.

ҚМДБ Орталық аппараты

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру