Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, ҚМДБ-ның діни уағыз-насихат және ғаламтормен жұмысы бөлімі, сондай-ақ ҚМДБ-ның muftyat.kz ресми сайты жариялаған «Ислам және дәстүр» республикалық шығармашылық Бәйгесі бүгін өз мәресіне жетті.
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 5-ші жұлдызынан бастап, сәуір айының 25-не дейін жалғасқан шығармашылық бәйгенің жеңімпаздарын арнайы бекітілген сарапшылар анықтады. Асыл дініміз Ислам мен қазақы дәстүріміздің арасындағы тамыры тереңге тартқан тарих қойнауынан бері қарай қалыптасқан ата дәстүріміздің сабақтасып жатқандығын, сол дәстүрлеріміздің басым көпшілігі ақиқат дінімізден бастау алғандығын жан-жақты аша білген 13 шығарма іріктелді.
Шығармашылық бәйгенің жеңімпаздары:
1-ші орын: Нұрбол Құдайбергенов, «Абай» атындағы ҚҰПУ-нің 2 курс магистранты. 250 000 теңге иегері.
2-ші орын: Әділ Жәненұлы, «Нұр Қазақстан» университетінің түлегі. 150 000 теңге иегері.
3-ші орын: Роман Бұрқаш, «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің 3 курс студенті. 75 000 теңгенің иегері.
«Тың идея» номинациясы: Мухат Балаубеков, тілші. 50 000 теңгенің иегері.
Ынталандыру сыйлықтарының иегерлері, 15 000 теңге:
1. Ару Сағиева
2. Ықыласхан Майланұлы.
3. Болат Мамытбеков.
4. Ұлан Ермекұлы.
5. Анар Жексембай.
6. Марфуға Шапиян.
7. Рахматулла Моллақанағатұлы.
8. Ақылбек Шаяхмет.
9. Қуанышбек Қазыбекұлы.
10. Жанат Оңғарбайұлы.
«Ислам және дәстүр» республикалық шығармашылық бәйгенің
сарапшылар құрамы:
1. Ғ.Мәжиев – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының аппарат жетекшісі;
2. Е.Оңғаров – ҚМДБ-ның діни уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі;
3. А.Сыдықов – ҚМДБ-ның баспасөз хатшысы;
4. О.Өмірбек – «Иман» журналының бас редакторы;
5. К.Құтты – «Иман» журналының жауапты хатшысы;
6. М.Әбдіқалықов – ҚМДБ-ның діни уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімі меңгерушісінің көмекшісі;
7. Ж.Кершеев – ҚМДБ-ның діни уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің маманы.
Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі ағымдағы жылдың сәуір айының 30-шы жұлдызы күні «Алматы» қонақ үйінде, сағат: 15:00-де өткізілетін болады.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.04.2014
6470
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру