Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен «Жастар ісі бөлімі» ұлттық тәрбиені қалыптастыру бағытында қызмет етіп жүрген белгілі блогерлермен кездесу өткізді.
Блогерлер дөңгелек үстел барысында ғаламтор кеңістігіндегі іс-қимылдың бағыттарын тәржімалады. Ұлттық тәрбие, имандылық тақырыбы төңірегінде ой алмасып, ұтымды ұсыныстар айтылды.
Бүгінгі күні газет-журнал оқылудан қалды осындай жағдайда ғаламтордың және ондағы ақпараттық порталдардың абыройы күрт өспек, біз осыған дайынбыз ба?! Олай болса, дайын болу үшін не істемек керек?! Бүгінгі әлем әлеуметтік парақшаларын тұтынуда, онда нәтижелі жетістікке жетудің бір заңдылығы бар ма?! Егер бар болса ол заңдылықты кім қалыптастырады?! Міне, осы сұрақтар бүгінгі блогерлердің талқылауында болды.
Жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жастар мәселесіне ерекше ықылыс танытып келе жатқанын жеткізіп, бірлесіп жұмыс жасауға дайын екенін білдірді. «Біз үшін, ең бастысы – дәстүр мен ұлттық тәрбие. Ертеңгі болашақ, бүгінгі жастар біркелкіленіп, жұтылып кетпей өз қазақтығын ұмытпауы шарт. Ол біздің ғаламтордағы іс-қимылымыз қандай болмақ соған байланысты. Сонымен қатар жалпы қазақ тілді блогерлердің ұлттық тәрбиеге деген көзқарастары қандай соғанда байланысты болмақ»,-деді.
Жалпы кездесу өте жоғарғы деңгейде және ерекше ықыласпен өтті.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.04.2014
4681
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру