Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астана имамдарымен кездесті.
Басқосуда Бас мүфти діни саланың жұмысын жетілдіруде Астана имамдарының рөлін айрықша атап өтті. Ержан қажы Малғажыұлы алқалы жиында дін қызметкерлеріне бірнеше бағыттар бойынша ақыл-кеңестерімен бөлісті.
«Ең бастысы араларыңызда бауырмалдық қарым-қатынасты күшейтіңіздер. Отбасыларыңызбен байланысты арттырсаңыздар, бұл өскелең ұрпаққа да оң әсерін береді. Мешітке келген әрбір адамға дұрыс көңіл бөліп, дұрыс қызмет жасаңыздар. Өйткені, біздер, дін өкілдері халықтың қызметшісі саналамыз», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.04.2014
4430
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру