Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Азаншылар семинары өтті

18.04.2014 4888 0 пікір

Аллаға шүкір, еліміз егемендік алғаннан кейінгі жылдары рухани құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Мешіттеріміздің саны артып, олардың іші жамағатқа толуда. Сол жамағаттың бес уақыт намазға жиылуына сөзсіз азанның әсері мол.

Осыған орай, қала мешіттеріндегі азан сапасын арттыру мақсатында Алматы орталық мешітіміздің ұйымдастыруымен 1-15 сәуір аралығында азаншылар семинары өтті. Семинарды Алматы орталық мешітінің азаншысы Ашимов Қасым жүргізді. 15 күнге созылған семинар барысында азан және азан айтуға қатысты көптеген тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда азанды дұрыс әрі қатесіз айту, азанның махраждары, азанның әдептері, азанды мақамына келтіріп айту, қамат және таң намазы азанының айтылуы тақырыптарында дәрістер жүрді. Сонымен қатар, семинарға білікті мамандар шақырылды. Алматы орталық мешітінің наиб имамы Дүйсебаев Нұрболат «Азанның шығу тарихы мен әдептері жөнінде», Орбита мешітінің наиб имамы Муканов Аскар «Азан айтудың шариғаттағы орны мен үкімдері жайында» дәріс өткізді. Шығыстанушы, вокалшы Олжас Бекенұлы «Азаншыларға вокалдық қабілеттерді пайдалану» тақырыбында сабақ өтті. 15 сәуір күні, қорытындылау кеші болып, оған ҚМДБ Жалпы және жастар ісі бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қатысып, азаншыларға алдағы жұмыстарында табыс тіледі. Кеш барысында семинарға қатысушыларға арнайы сертификат табыс етілді.

Азан – Ислам дінінің ең басты құлшылығы болып табылатын намазға шақыру. Азан – Алланың және Расулінің есімін айналаға жар салу. Сондықтан да ол Ислам дінінің рәміздерінің бірі. Азанның өзіндік шығу тарихы мен дінімізде алар орны бар. Ислам діні жер жүзіне жайыла бастаған күннен бастап, азан бір сәт те айтылмай қалған емес. Сондай-ақ, Алланың қалауымен қиямет күніне дейін әлемнің түкпір-түкпірінде азан дауысы жаңғырып, қалықтай бермек.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру