Астана қаласында Дін істері агенттігінің ұйымдастыруымен «Орталық Азиядағы Исламның рөлі» атты халықаралық конференция өтті. Конференцияны жүргізген ҚР Дін істері агенттігінің төрағасы пленарлық мәжілісте алғашқы сөзді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлына ұсынды. Бас мүфти алқалы жиынның Қазақстанда ұйымдастырылуы, еліміздің және шетелдік оқымысты-зерттеуші, дінтанушылардың пікір алмасуы біз үшін үлкен мәртебе, әрі зор жауапкершілік жүктейтінін айтты. Исламның қазақ топырағына келуімен көптеген жақсылықтарға қол жеткізіп, салт-дәстүріміз, бітім-болмысымыз Исламмен біте қайнасып, өркениетке қадам басқанымызды баяндады.
«Орталық Азия Ислам білімі мен ғылымының, мәдениеті мен әдебиетінің, құқықтық заңдарының дамуына айтарлықтай ықпал етті. Алгебраның негізін салушы Әл-Хорезмнің, медицинаның атасы деп танылған Ибн Синаның, физика ғылымының майталмандары – Бируни мен Ұлықбектердің тұлғасы ұрпақ үшін мәңгі өнеге әрі мақтаныш. Мұсылман қауымына жалпы белгілі әрі беделді дін оқымыстылары – Әбу Ханифа, Имам Матуриди, Имам Әл-Бұхари, Термизи, мұсылман жамағатын ізгілікке шақырған Қожа Ахмет Яссауилар Ислам білімі мен ғылымында өшпес мұра қалдырды», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Конференция жұмысына Қырғызстанның Дін істері мемлекеттік комиссиясының директоры Орозбек Молдалиев, Ресей Ислам университетінің ректоры Рафик Мухаметшин, Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры Әбсаттар Дербісәлі, Түркияның Анкара университетінің профессоры Кутлу Сонмез, т.б. ғалымдар мен сарапшылар қатысуда.
Жиын соңында ғалымдар мұсылмандардың ауызбіршілігі мен ынтымағын сақтай отырып, Орталық Азияда Ислам рөлін арттыру туралы Үндеу қабылдады.
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.04.2014
4177
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру