Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Ғұламалар Кеңесінің мәжілісі өтуде

15.04.2014 4517 0 пікір

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасы Ғұламалар Кеңесінің 2-ші мәжілісі басталды.

Басқосуға Ғұламалар Кеңесінің мүшелері – елімізге белгілі дінтанушылар, теологтар, ғалымдар, ҚМДБ қызметкерлері қатысуда. Мәжілісте қоғамдағы өзекті мәселелерге қатысты пәтуа шығару, діни кітаптарды сараптау, Кеңес жұмысын жетілдіру, т.б. тақырыптар төңірегінде талқылау жүріп жатыр. 

«Діни басқарманың негізгі жұмыстарының бірі – қоғамдағы өзекті деген әлеуметтік мәселелерге қатысты пәтуа шығару. Бұл пәтуалар халқымызды бірлік пен ынтымаққа, имандылыққа үндеуі тиіс. Сондықтан бұл бағытта дін ғалымдарына артылар жауапкершілік зор», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің 2-ші мәжілісі ертең де өз жұмысын жалғастырады.  

www.muftyat.kz    

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру