Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласында өткен ағаш отырғызу іс-шарасына қатысты. Қала әкімі Ахметжан Есімовпен бірге шырша егіп, мәдениет қайраткерлерімен, студенттермен кездесті.
Ахметжан Смағұлұлы бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында бұл игі іс қала бойынша жүзеге асып жатқанын айтты. Қала әкімі түрлі сала өкілдерімен кездесіп, Бас мүфтимен де сұхбаттасты. Ержан қажы Малғажыұлы баршаны біріктірген шараның маңызды екеніне тоқталды.
«Діни басқарма жуырда барлық мешіттерде «Имандылыққа ұйытып елімізді, тал егіп, көркейтейік жерімізді» атты акция өткізеді. Қаршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау – адамзатқа ортақ борыш», – деді Бас мүфти.
ҚМДБ баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.04.2014
4730
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру