Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыдағы аттестация: қорытындысы мен шешімі

04.04.2014 5388 0 пікір

2014 жылдың ақпан айының соңында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің бұйрығымен Алматы қаласы бойынша мешіт қызметкерлері аттестациялаудан өткен болатын. Сонымен сараптама нәтижесі төмендегідей:

Қала бойынша қызмет ететін 118  діндар тұлғаларға  аттестация жұмыстары жүргізілді.  Аттестация барысында бес адам қызметтерінен босатылды. Үздік емтихан тапсырған қос қызметкердің біліміне оң баға берілді. «Жақсы» деген баға алғандар саны – 62. «Қанағаттанарлық» бағаға ие болғандар саны – 48. Ал 3 адам сынақтан сүрінді. Қала бойынша мешіттерде көп жыл (5 жылдан астам) жұмыс істегендер аттестациялау комииссиясының шешіммен ротациялау (ауыстыру) жұмысы жүргізілуде. Ротация негізінде Алатау аудандық мешітінің имамы Қ.Сансызбаев пен «Таугүл 3» мешітінің имамы О. Дауренбековтің қызметтері ауысты. Бұдан бөлек тоғыз қызметкерді ротациялау жоспарлануда.Жекелеген пәндерден төмен баға алған имам-молдаларға білімдерін жетілдіру туралы кеңес берілді.

ҚМДБ Орталық аппараты

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру