Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астанадағы мешітке оң баға берілді

18.03.2014 4690 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен Астана мешіттерінің тыныс-тіршілігімен танысуға жіберілген ҚМДБ-ның іс басқарушысы Ербосын Бектұрсынұлы 18 наурыз күні Сәдуақас қажы Ғылмани мешітіне ат басын бұрып, мешіттің атқарылып жатқан жұмыстарымен танысты.

Мешіттің ішкі-сыртқы тазалығы, тәртібі және халыққа қызмет көрсету сапасына назар аударып, мешіт құрылымын аралап көрді. Мешіттің ресми сайты мен сауат ашу сыныптарын да аралап шықты.

Сонымен қатар, мешіттің мемлекеттік АКТ, техпаспорт, мешіт қызметкерлерінің бұйрығы (Бас мүфтидің немесе бас имамның), жиналыс хаттамалары, түрлі актілер, кіріс-шығыс хаттары, жұмыс жоспары, қызмет бөлісі мен кезекшілік журналы мен келіп-кету журналы, тағы да басқа мешіттің құжаттық базасымен танысты.

Соңында мешіт қызметкерлерімен кездесу барысында аталған мешіттің іс басқару жұмыстары көптеген мешіттерге үлгі-өнеге болатынын айтып, өте жақсы деген баға берді.

sunna.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру