13 наурыз. Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы өкілдігі және ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының бірлесе ұйымдастыруымен «Кітап – білім бұлағы» жобасы аясында автормен кездесу шарасы өтті. Оған қалалық «Дінтану» пәні мұғалімдері мен «Астана» медресесінің шәкірттері қатысты.
ҚР Ұлттық Академиялық кітапханада өткен игі шарада Исламтанушы, теолог PhD докторы, ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Ершат Оңғаровтың «Қазақ мәдениеті және Ислам құндылықтары» кітабының тұсауы кесілді.
Шараға ғалым, философия ғылымының докторы, профессор Ғарифулла Есім, Филология ғылымдарының кандидаты Айнұр Әбдірәсілқызы кітап авторының еңбегіне оң бағаларын беріп, уақыт талабына сай жазылған құнды еңбек екенін атап кетті.
«Жақсы кітап жан азығы» демекші, Исламтанушы, теолог PhD докторы, ғылыми еңбектің авторы Ершат Оңғаров тұсауы кесілген жаңа кітапты Ұлттық Академиялық кітапханаға табыс етті.
«Нұр Астана» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2014
5805
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру