Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Астаналықтар білікті теологтардан тәлім алуда

13.03.2014 4025 0 пікір

ҚМДБ жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері еліміздің түкпір-түкпірінде  жоспарлы түрде жұмыстарын жүргізуде. Осындай кездесулердің бірі кеше Астана қаласында өтті. Бұл жөнінде «Нұр Астана» мешітінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Ақпараттық насихат топ құрамында ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, исламтанушы Е.Оңғаров және  белгілі теолог ғалым О.Сейдманов бар.

Кеше кешкілік Ақпараттық насихат топ мүшелері мешіт жамағаттарымен де ұшырасты. Е.Оңғаров ақшам намазынан кейін «Нұр Астана» мешітінің жамағатымен жүздесті. Сондай-ақ, осы күні ақшам уақытында О.Сейдманов «С.Ғылмани» мешітінде болды. Аталмыш РАНТ мүшелері мешіт жамағаттарына «Исламдағы бауырластық» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Жамағат уағыз соңында ақпараттық топ мүшелеріне өздерін мазалаған сауалдарын қойды. Әрбір сауалға білікті исламтанушылар тарапынан тұщымды жауаптар берілді.

Айта кетейік, осы күні РАНТ мүшесі Ершат Оңғаров және «Нұр Астана» мешітінің найб имамы Асхат Сәлимов  кезекті жұмыс барысында Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментіне барып, ондағы 120 қызметкермен кездесу өткізді. Ал, қалалық Қаржы полияциясында РАНТ мүшесі Оралхан Сейдманов және С.Ғылмани» мешітінің бас имамы Ж.Садырханов болып, сала қызметкерлерімен кездесті. Топ мүшелері әрбір кездесуде дін мен дәстүрдің сабақтастығынан сөз етіп, жат ағымдардан абай болуға шақырды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру