6-наурыз «Rixos» қонақ үйінде діни басқарманың бастамасымен «дін мен дәстүр сабақтастығы» деген тақырыпта дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, философия ғылымдарының докторы, академик Ғарифолла Есім, тарихшы, ғалым Мәмбет Қойгелді, алаштанушы, ғалым Айгүл Сымақова қатысты.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы: «Қай заманда болмасын ата-бабаларымыз тек осы дін мен дәстүріміздің бастау қасиетінің арқасында қабырғасы қатайып, беки түскен. Әлі де бұл қасиет күшінде бола беруі тиіс. Сондықтан, 2014 жылды дін мен дәстүр жылы деп жарияладық. Бүгінгі күннің замануи құралдарын пайдалана отырып дін мен дәстүрімізге қатысты кітаптар, кинолар, деректі фильмдер түсіріп, ғаламтор мен ақпарат құралдарын пайдаланудамыз. Алла қаласа осы бағытта жұмыс жасай бермекпіз»,- деді.
Дөңгелек үстелді модераторлар Мұхамеджан Тазабеков пен Нұржан Таласұлы жүргізді. Дөңгелек үстел барысында ғалымдар дін мен дәстүрдің сабақтастығына қатысты ойларын айтып, жаңа бастаманың бүгінгі жағдайына тоқталды. Сондай-ақ қатысушылар игілікті істің маңыздылығына ғылыми көзқарастарын білдіріп, қос ұғымның ел болып сақталу жолындағы орнын түсіндіру жұмысына баса назар аудару керектігін айтты.
Академик Ғарифолла Есім: «Кеңестік кезеңде өмір сүрген біз дінді дәстүр деп түсіндік. Дәстүр мен дініміз бір біріне сіңісіп кеткені соншалық дәстүр дініміздің қызметін атқарып келді. Өйткені діни жоралғылар дәстүр ретінде күнделікті өмірде қолданыста болды. Біз солай қабылдадық. Олай болмағанда коммунистер дінге тосқауыл қойып, қудалайтын еді.
Ал енді бүгінгі күні елдік келбетімізді сақтап қалу үшін мектеп қабырғасынан бастап дін мен дәстүрімізді насихаттауымыз керек, ол үшін мектептерге дін және дәстүр деген пән енгізуіміз керек»,- деп ұсыныс жасады.
Дөңгелек үстелді қорытындылаған модератор Мұхамеджан Тазабеков бұл игі істе халық болып бірлесіп жұмыс атқаруды және оны жандандыра түсуді ұсынды. Алдағы уақытта дөңгелек үстелдің бейне баяны «Асыл арна» діни, ағартушылық телеарнасынан көрсетілмек.
ҚМДБ-ның баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.03.2014
4906
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру