Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматы облысы имамдарына аттестация өтуде

25.02.2014 4561 0 пікір

Діни басқарманың алдына қойған негізгі мақсаттарының бірегейі – имам-молдалардың сауатын жетілдіріп, оларды қайта сараптаудан өткізу арқылы діни қызметтің сапасын арттыру еді.

Осы мақсатта бүгін ҚМДБ жанынан құрылған білікті дінтанушы-ғалымдары бар, ҚМДБ-ң дін істері бөлімінің меңгерушісі Тұрдыбаев Камалжан Бекбосынұлы бастаған Сараптау комиссиясы Алматы облысы, Алматы аймағы бойынша облыстық «Қарасай батыр» мешітіне келіп, имам-молдаларды аттестациядан өткізуде.

Алматы аймағы бойынша 250 имам-молдалар бес күн бойы аттестациядан өтеді. Сынақтан өтіп жатқан имамдарымыз шариғат, Ата Заң, Ислам құқығы мен сенімі, Еңбек Кодексі, тарих, т.б. салалар төңірегінде сынақ тапсыруда. Билет бойынша келетін сұрақтарға дін қызметкерлері ауызша әрі жазбаша жауап беріп, әрқайсысы өз білім деңгейін көрсетпек.

 

 

Алматы облысы
«Қарасай батыр» мешіті

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру