Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Мұзарт» тобының мүшесі мүфтимен кездесті (ФОТО)

19.02.2014 5695 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Мұзарт» тобының әншісі Сәкен Майғазиевті және белгілі сазгер Жарқылқасын Дәулетті қабылдады.

Басқосуда Бас мүфти халықты ізгілікке, бірлікке шақырудың, қайырымдылық жасаудың сауабы жайлы сұхбаттасты. Әнші Сәкен Майғазиев Бас мүфтиге иләһи ән әзірлеп жатқан жағымды жаңалығымен бөлісті. Ал сазгер Д.Жарылқасын қайырымдылық шараларға әрдайым үлес қосуға дайын екенін жеткізді.

Басқосу соңында Діни басқарманың атынан өнер қайраткерлерінің атсалысуымен қайырымдылық іс-шаралар өткізу туралы ұйғарым жасалды.

www.muftyat.kz           

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру