Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти медреседе дәріс жүргізді (ФОТО)

18.02.2014 4968 0 пікір

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыдағы республикалық Әбу Ханифа атындағы медресе шәкірттеріне дәріс берді.

Бас мүфти түлектерге үкім берудің, пәтуа шығарудың қыр-сырын тәптіштеп түсіндірді. Сонымен қатар, уағыз айтуда мән берер жайттарға да тоқталды.

«Ислам – әр мәселеге мұқият қарауды үйрететін кемел дін. Дінімізде барлық мәселенің шешімі бар. Ол үшін көп ілім алып, ұстаздардан тәлім үйренуіміз қажет. Мешітке сұрақпен келген адамдарға толыққанды жауап беру үшін де жан-жақты білім керек. Пәтуа берген кезде тек шариғат дәлелдерімен ғана шектелмей, түрлі ғылыми зерттеулерге сүйене отырып, үкім бергеніміз дұрыс», – деді дәрісте Бас мүфти.

Дәріс соңында Ержан қажы Малғажыұлы медресе шәкірттеріне ілім алудың артықшылықтары туралы насихат айтып, оқуда озат болуға шақырды.   

www.muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру