Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында Алматы қаласының имамдары аттестациядан өтуде. Сараптау комиссиясының жұмысына Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты.
«Қазір уақыт талабы жоғары. Осы ретте дін қызметкерлері де жоғары деңгейден көрінуі қажет. Діни біліммен сусындап қана қоймай, дүниеуи ілімді де меңгеруіміз тиіс. Тарихты, әдебиетіміз бен мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді терең білу қоғамда имамның дәрежесін арттырады. Бүгінгі шара сіздердің білім мен біліктеріңіздің шыңдала түсуіне септігін тигізеді деген сенімдемін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Қала имамдары шариғат, Ата Заң, Ислам құқығы мен сенімі, Еңбек Кодексі, тарих, т.б. салалар төңірегінде сынақ тапсыруда. Билет бойынша келетін сұрақтарға дін қызметкерлері ауызша һәм жазбаша жауап бермек.
Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбеттің айтуынша, ұзын-саны 118 имам сынақтан өтеді. Олардың ішінде мешіт ұстаздары мен азаншылары да бар. Емтихан үш күн жалғасады.
Сараптау комиссиясының құрамында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының білікті дінтанушы-ғалымдары бар.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
18.02.2014
5032
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру