Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткен Мәуліт мерекесінде билеттен түскен қаражаттың есебінен жетімдерге 900 мың теңге қайырымдылық көрсетілді.Атап айтар болсақ, «Перзент» жетім балалар үйіне (200 000 теңге), «Кәусар» (200 000 теңге), Алматыдағы жетім балалар үйіне (200 000), Талғар қаласындағы жетім балалар үйіне (200 000 теңге) және Ақмола облысындағы 7 жетімді өз қамқорына алған имамға 100 000 теңге қаржылай қайырымдылық көмек көрсетілді.Айта кеткен жөн, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2014 жылы еліміздің имам-молдалары үш бағыт бойынша жұмыстарға басымдық береді. Соның бірі – қайырымдылық іс-шараларды жиі ұйымдастыру. Мәуліт мерекесі аясында жасалған қайырымдылық игі істің бастамасы.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.02.2014
4460
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру