Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы адамзаттың асылы, пайғамбарлардың ардақтысы, екі дүние сәруары Мұхаммед пайғамбарымыздың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туған күні – Мәуліт мерекесін ұлттық нақышпен өткізбек. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ұйымдастыру және жұмыс тобына 2014 – «Дін мен дәстүр» жылы аясында мүбәрак мерекені дәстүрлі ән-жырмен, терме-толғаумен өткізуге тапсырма берді. Биылғы мәуліттің тағы бір жағымды жаңалығы – Мұхаммед (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) пайғамбарымызға айтылатын сәлем-салауат, дұға-тілек ана тілімізде айтылады.
Биылғы мәулітте Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірін, тәрбиеге толы теңдессіз тұлғасын жан-жақты насихаттауға көңіл бөлініп отыр. Сонымен қатар ұлттық аспаптармен ғибратты халық әндері шырқалмақ. Адам жанын тербейтін, ерекше әсерге бөлейтін, өнердің озық үлгісі болған шебер актерлер сомдайтын екі қойылым мәуліт бағдарламасына енгізілді.
Қысқасы, терме-толғау, арнау орындалып, театрландырылған көріністер қойылатын ғибратты кешімізден рухани нәр алып қайтуыңызға тілектеспіз.
Кештің өтетін орны: Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы.
Басталуы: сағат 11:00-де. 9 ақпан, 2014 жыл. Билетті Алматы қаласының мешіт имамдарынан алуға болады. Сарайға тек билет арқылы кіре алатындарыңызды еске саламыз.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.01.2014
13241
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру