Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти көңіл айту жеделхатын жолдады

24.01.2014 5722 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсынованың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыс, ағайын-жұртына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Ол қазақтың біртуар көрнекті ақыны еді. Фариза Оңғарсынова жастарды бірлік пен ынтымаққа, адамзатты адамгершілік пен ізгілікке үндеді. Оның өсиетке толы «Тыңдаңдар, тірі адамдар», «Қарғыс», «Қасірет пен ерлік жыры» атты өлеңдері, отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелейтін ғибратты сөздері өз халқымен мәңгі жасап, санасында сақтала бермек. Алла тағала қазаның артын қайырлы етіп, Жаратушы Иеміз өз мейіріміне бөлесін», – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

 

www.muftyat.kz

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру