30 желтоқсан. 2013 жыл. Атырау қаласы. Орталық «Иманғали» мешітінің ауласындағы дүңгіршектің есігін белгісіз біреулер сындырып, небары Құранның екі данасын ұрлайды. Бар болғаны осы.
Алайда бұл кейбір ақпарат құралдарына «азық» болды. «Атырауда мешіт ұрланды», «Атырауда орталық мешіт тоналды», – деп айқайға сүрең қосып, мәселені ушықтырып жіберген ақпарат құралдарының өкілдері Діни басқарманың осы облыстағы өкілі Батыржан Мансұровпен кездеспестен, тіпті тілдеспестен пікірін ғаламторға жариялап жіберген. Мәселенің мән-жайы анықталмастан бұрын ақпарат тараған. Құдды дүңгіршектегі кітап емес, мешіттің мүлкі ұрланғандай пікір қалыптасты.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі БАҚ өкілдерін жалған ақпарат таратып, дүйім жұртты дүрліктірмеуге шақырады. Журналистік этиканы, заң нормаларын сақтауға үндейміз.
Жалған жаңалық жарға жығар.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
09.01.2014
5117
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру