Біреу білер, біреу білмес, Алматыда Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты бар. Егер ондағы қатерлі ісікке шалдыққан науқастармен аз-кем тілдессеңіз, сау жүргеніңізге шүкір етесіз... Иә, тубе етесіз.
Бүгін, қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Зекет» қоры институтта емделіп жатқан бүлдіршіндерді бір қуантты. ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев өз қолымен сыйлық үлестірді. Қажетті бұйымдар, ойыншықтар, компьютерлер, оқу құралдары 20 баланың бір сәттік көңіл қуанышына айналды. Ғылымбек Жәдігерұлы ата-аналар мен балаларды өмірдің өткінші сынақтарына сабыр етуге шақырды. «Ислам – мейірім мен кешірім діні. Сондықтан өткінші өмірде бәріміз бір-бірімізге кешірім жасап, мейірім танытуымыз – мұсылманшылықтан», – деді Аппарат басшысы.
Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет жақсылыққа ұмтылудың маңызы мен үмітсіз ойдың зияны мен зардабы жайлы уағыз айтты. «Алла тағала шын ниетпен дұға жасаған жанның, әсіресе, ата-ананың баласы үшін сұраған тілегін қабыл етеді. Дұға – мұсылманның қаруы. Жаратушы Иеміз балаларымыздың ауруынан айығып кетуін нәсіп еткей», – деп Аллаға жалбарынып, дұға жасады. Осы кезде кейбір аналардың көз жасына ерік бергенін байқап қалдық. Институт басшылығы ізгі іс-шараны ұйымдастыруға ұйытқы болған ҚМДБ өкілдерін алғыс хатпен марапаттады.
ҚМДБ «Зекет» қорының жетекшісі Әлішер Спанов науқас балалардың көңілін көтеруге 250 мың теңге бөлінгенін мәлімдеді. Қабыл болсын дестік.
ҚМДБ баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.12.2013
4862
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру