Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: 77 қалада, 176 ауылда уағыз айтылды (ФОТО)

26.12.2013 5214 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Ақпараттық-насихат тобы (АНТ) 2013 жылды қорытындылап, келер жылдың жұмыс жоспарын бекітті. Бұдан бұрын жариялаған жаңалықтарымызда АНТ құрамына біліммен қаруланған, өңірлердегі ахуалды, жамағат арасындағы проблемаларды жақсы білетін 30 білікті теологтар мен имамдар сапынан әрқайсысы 5 адамнан тұратын 6 топ жасақталғанын жазғанбыз.

Бүгін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы АНТ мүшелерін қабылдап, насихат көкжиегін кеңейтудің мәні мен маңызын сөз етті. «Сіздер дін саласының білікті маманы, білімді ғалымдары саналасыздар. Сіздерді аттай қалап, АНТ-ға мүше етіп тағайындадық. 2013 жылы жақсы жұмыс жасадыңыздар. Алайда атқаратын ауқымды іс-шаралар аз емес. Елдің ынтымағы мен бірлігіне, мұсылмандардың діни сауатын ашу жолында талмай қызмет етіңіздер», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ҚМДБ төрағасы уағыз-насихат жұмысында белесінділік танытып, өнімді еңбек еткен имам, ғалымдарды алғыс хатпен марапаттап, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, Діни басқарманың ғалымдар тобы 1821 имамға шариғи һәм дүниеуи пәндерден 3210 сағат семинар-тренинг өкізді. Білімі мен білігі толысқан 341 имам-ғалымдардан жасақталған 70 уағыз-тасихат тобы еліміз бойынша, 77 қала мен 176 ауыл мектептерінде 3000-ға жуық кездесу өткізді. 400-ден астам түрмеде, 1104 әкімдік, мәдениет ошақтары, балалар және қарттар үйінде уағыз айтты. Бас мүфти бұл көрсеткіштің сапасына да мән беруді тапсырды.

 

ҚМДБ баспасөз қызметі 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру