Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Семинар соңы: кім не ұқты, кім не ұтты? (ФОТО)

28.11.2013 5391 0 пікір

Бүгін 28-қараша Алматы қаласында наиб имамдар семинары аяқталды. Семинарға наиб мүфти Серік қажы Ораз, аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, сондай-ақ,  шариғат-фатуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, осы семинардан алған тәлім мен тәжірибені дініміз бен халқымыздың игілігіне пайдалануға шақырып, арнайы сертификаттар табыс етті.

Еске сала кетсек, игі шара 30 күнге жалғасып, исламның негізгі құндылықтарының бірі көркем мінез мәселелері қамтылған еді. Атап айтсақ, «Құрандағы көркем мінез», «Пайғамбарымыздың көркем мінезі», «Әділ халифалардың көркем мінезі», «Қазіргі замандағы имамдардың көркем мінезі қандай болуы керек?» сияқты көптеген ғибратты тақырыптарда дін саласының мамандары дәріс оқыған болатын. Семинар соңына қарай, орталық мешіттің арнайы шақыртуымен Темірбек Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, ҚР мәдениет қайраткері Мұрат Абзелбаев «сөйлеу өнерінің шебері» деген тақырыпта дәріс өткізді.

Ұлтымыздың ұйытқысы асыл дінімізді насихаттауда қашанда алғы шепте жүрген наиб имамдар, семинардан алған рухани азық пен әсерден дүр сілкініп, бір серпіліп қалды.

Әсет БЕКТҰР,

 Алматы орталық мешітінің
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру