Кеше Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, белгілі жазушы Қали Сәрсанбаймен және басылым ұжымымен кездесті.
Бас мүфти халықты бірлік пен ынтымаққа үндеп, ізгілік пен имандылыққа шақыруда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлін айрықша атап өтті. Ержан қажы Малғажыұлы мемлекеттік мүдде мен елдің игілігін насихаттап келе жатқан «Алматы ақшамының» 25 жылдық мерейтойына орай газет қызметкерлерін торқалы тоймен құттықтады.
«Біз бейбіт заманда, Алланың берекеті төгілген тамаша дәуірде өмір сүріп отырмыз. Ендеше, жұртымызды жақсылыққа жұмылдырып, жастарымызды ізгілікке тәрбиелеу – баршаға ортақ міндет. Баспасөз өкілдері де осындай жауапкершілікті сезініп, еліміздің өркендеуіне, рухани дамуына үлес қосса нұр үстіне нұр. «Алматы ақшамы» ұжымына шығармашылық табыс, еңбекте жеміс тілеймін», – дей келе, бас редакторға электронды Құранды, басылымдағы «Қала және иман» бетін жүргізетін Сәрсенбек Бекмұратұлына қаламды тарту етті.
Қали Сәрсенбай газет тілшілері алдағы уақытта да Діни басқарманың игілікті істеріне ақпараттық қолдау білдіріп, имандылықты насихаттай беретінін жеткізді.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
28.11.2013
5107
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру