Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналына жазылуға шектеу жоқ

18.11.2013 5520 0 пікір

Бұл күндері ҚМДБ-ның бірден-бір бірегей төл басылымы болып  табылатын  «Иман» журналына «Қазпоштаның» кез-келген бөлімшесі мен мешіттер арқылы 2014 жылға жазылу ешқандай кедергісіз  жүргізілуде.  Дегенмен кейбір аймақтардағы оқырмандарымыз  әр мешіттің орналасқан жеріне қарай    журналға жазылу кезінде   санына байланысты белгілі бір шектеулер бар екен деп түсінетін сыңайлы. Бұған басылымның электронды поштасына  келіп түскен мына  бір хат дәлел:

«Құрметті «Иман» журналының редакциясы! Сіздерге хат жолдап отырған тұрақты оқырмандарыңыз  Нәзира Қыдырқанқызы.  Журналдарыңызда жарияланып жатқан материалдар өте қызықты,  әрі тартымды. Әр санын асыға күтемін. Алайда, біздің ауылда оқырмандар санын 10 адаммен шектеп тастаған.  Ал, жазылуға ниет білдірушілер  көп. Осыны ескерсеңіздер екен.

Құрметмен, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Қаратал ауылының тұрғыны Нәзира Қыдырқанқызы».

Құрметті оқырмандар!

 Елімізде Ислам дінін Ханафи мәзһабы аясында насихаттайтын «Иман» журналына жазылуға ешқандай да шектеу жоқ.  Керісінше, жылдан жылға  сапасын арттыру арқылы  таралымын  да өсіруге күш салынуда.  Осыдан  10 жыл бұрын небәрі 3 мың дана мен таралса,  биыл   13 мыңға жетті.  Басылымның жазылу индексі 75998.  Тұрғылықты мекен-жайыңыз бойынша пошта бөлімшесіне барып, еш кедергісіз жазыла аласыз.

 «Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы  мен облыс орталықтарының  тұрғындары үшін 1 жылға – 3084,12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127,56 теңге.

Кез-келген  мешіттеріміз  арқылы  жазылу бағасы 1 жылға бір журналға  – 2 640 теңге.   Мұның пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз мойнына алады.  Ол үшін төлемақысын төмендегі  есеп-шотқа аударасыздар: 

 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

«Иман-Сенім»  ЖШС  реквизиттері:

БИН 120940011498

Р\С KZ 288560000005684077

АО «Банк ЦентрКредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE     17 

РНН  600900658515

050016, г.Алматы ул.Пушкина, 12

Тел: 397-63-84  Факс: 397-63-86

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру