Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп және жатқа оқудан байқау ұйымдастырғаны белгілі. Қарилар арасында өткен жарыстың қорытындысы Алматыдағы Студенттер сарайында жарияланатынын хабарлаймыз. Рухани кеште жүзден жүйрік шыққандар ақшалай, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапатталады. Игі шараға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бастаған ҚМДБ қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, журналистер қауымы қатысады.
Кеште терме-толғаулар орындалып, ән-күй шырқалады. Сонымен қатар кәсіби актерлердің қатысуымен қойылатын сахналық көріністі, Құранның хикметі жайлы бейнероликті тамашалай аласыздар.
Жүлдегерлерді салтанатты марапаттау рәсімі әрі рухани кеші Алматыдағы Студенттер сарайында 2013 жылдың 28 қазан (дүйсенбі) күні сағат 11:00-де басталады.
Ескерту: кіру билеті тегін, билетті Алматы қаласы Орталық мешітінен алуға болады.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.10.2013
4852
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру