Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ жанынан Ақпараттық-насихат тобы құрылды

01.10.2013 6088 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан Ақпараттық-насихат (АНТ) тобы құрылып, топ мүшелерінің дөңгелек үстелі өтеді деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі.

 Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысатын басқосуда ҚМДБ АНТ мүшелері, белгілі теология ғалымдары, исламтанушылар «Дұрыс діни таным насихаты: не істелді, не істелу керек?» деген тақырып төңірегінде тренинг жүргізеді. Сондай-ақ, насихат жұмысында туындаған мәселелер талқыланбақ. Дөңгелек үстелге ҚР Бас Прокуратурасы, ҚР Дін істері агенттігінің сарапшы мамандары қатысып, баяндама жасайды.

Іс-шара Астанадағы Әзірет Сұлтан мешітінде 2013 жылдың 2 қазанында сағат 9:30-да басталады.

Біз төменде ҚМДБ-ның ақпараттық-насихат тобы (бұдан әрі – АНТ) туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бекіткен ереже мен АНТ-тың қамтитын аумағын және оның тұрақты құрамыноқырмандарымызға таныстырғанды құп көрдік.

 

 

 ҚМДБ-ның ақпараттық-насихат тобы (АНТ) туралы

 ЕРЕЖЕ

 

  •  Мақсаты:

 - Дәстүрлі дініміз – Исламның құндылықтарын дәріптеу, халықтың діни сауатын арттыру;

 - Қалың бұқара арасында ҚМДБ-ның әлеуетін арттырып, алға қойған бағыттарымен таныстыру;

 - ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын іске асыру;

 - Ел арасында деструктивті, жат ағымдардың таралуының алдын алып, ақпараттандыру;

 - Отансүйгіштікті, толеранттылықты, төзімділік пен байсалдылықты насихаттау.

  •  АНТ-тың қамтитын аумағы:

 - Еліміздің облыс, қала, кент, аудан орталықтары мен шалғай ауылдары;

 - Әр түрлі режимдегі түзеу мекемелері.

  • Салалық байланыс:

- ҚМДБ-ның облыстардағы өкілдіктері;

- ҚР Дін істері агенттігі;

- Облыстық әкімдіктер, ішкі саясат басқармасы;

- Облыстық дін істері департаменті;

- Үкіметтік емес ұйымдар.

  • АНТ-тың жұмыс бағыты:

- Облыс, қала және аудандық активтермен, облыс әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі Кеңес мүшелерімен кездесу;

- Облыстағы ЖОО-да оқытушы қауым, студенттермен дидарласу;

- Облыстық телеарналардағы діни-танымдық, сараптамалық бағдарламаларға сұхбат беру;

- Өңірлік басылымдарға мақала жариялау;

- Өңірдегі түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілермен кездесу;

- Жергілікті мешіттерге қатынап жүрген радикалды ағымды қолдаушы тұлғалармен жекелеген түсіндірме сұхбаттар өткізу;

- Шара соңында облыстық БАҚ өкілдеріне баспасөз-маслихатын өткізу.

 

 

АНТ-тың тұрақты құрамы:

I топ:

- Ершат Оңғаров - ҚМДБ-ның Уағыз-насихат және ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі

- Арман Қуанышбаев - Исламтанушы

- Бауыржан Абдуалиев - ҚМДБ-ның пәтуа бөлімінің қызметкері

- Еркебұлан Қарақұлов - ОҚО, Шымкент қаласы, наиб имам

- Нұржан Даркулов - Алматы қаласы, «Сұлтан Қорған» мешітінің Бас имамы

- Асқар Мұқанов - «Орбита» мешітінің наиб имамы

 

II топ:

- Сансызбай Шоқанов - ҚМДБ-ның шәриғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары

- Жасұлан Жүсіпбеков - ««Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің ұстазы

- Бақтыбай Бейсенбаев - «С.Ғылмани» мешітінің Бас имамы

- Серікхан Ахмадиев - Алматы қаласы, «Әл-Мадина» мешітінің Бас имамы

- Жолдас Қоспақов - Павлодар қаласы, «Ақмешіт» мешітінің Бас имамы

 

III топ:

- Рақымжан Әкімбеков - «Нұр» Қазақ-Египет Ислам университетінің оқытушысы

- Бауыржан Әлиұлы - ҚМДБ-ның БҚО-дағы өкіл имамы

- Нұрлан Бақбасаров - Астана қаласы Шұбар мешітінің Бас имамы

- Қазбек Ахметов - Алматы қаласы, «Мекке» мешітінің Бас имамы

- Берік Арынов - Жезқазған аймақтық мешітінің наиб имамы

 

IV топ:

- Әбсаттар Сманов - Сарыағаш медресесінің директоры

- Қабылбек Жұмағұлов - ҚМДБ-ның Жезқазған аймағындағы өкіл имамы

- Құрмет Смағұлов - «Нұр» университеті мешітінің Бас имамы

- Нұрбол Тағаев - Қарағанды облыстық мешітінің наиб имамы

- Қанат Жұмағұлов - Атырау облыстық «Иманғали» мешітінің наиб имамы

 

V топ:

- Смайл Сеитбеков - ҚМДБ-ның оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі

- Наурызбай Өтпенов - ҚМДБ-ның Астана қаласындағы өкілі

- Нұрмұхаммед Иминов - Алматы орталық мешітінің наиб имамы

- Арман Томантаев - Ақтөбе облыстық орталық "Нұр-ғасыр" мешітінің наиб имамы

- Мақсатбек Мақсұтұлы - «Әзірет Сұлтан»мешітінің ұстазы

 

VI топ:

- Алтынбек Ұтысханұлы - ҚМДБ-ның жалпы бөлімінің меңгерушісі

- Ерсін Әміре - Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы

- Оралхан Сейдманов - Алматы қаласы, орталық мешітінің наиб имамы

- Әлижан Бекбауев - Ақтөбе облыстық мештінің наиб имамы

- Рүстем Сыздықов - Қарағанды қаласы, дінтанушы

- Бауыржан Отарбаев - Тараз қаласы, «Шейх Заннун» мешітінің Бас имам.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру