Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Елорда мешіттерінде ауызашар берілді (ФОТО)

ummet.kz 18.05.2018 4903 0 пікір
Елорда мешіттерінде ауызашар берілді (ФОТО)

Елорда мешіттерінде биылғы Рамазан айының алғашқы ауызашары берілді.

Бүгін әлем мұсылмандары қасиетті Рамазан айының алғашқы күнін өткізіп, ауыз ашуда.  Ел мешіттерінде арнайы ауызашар дастархандары жайылуда. Мешіт жанында ауызашар беру Елорда мешіттерінде де жыл сайын тұрақты атқарылар іс-шаралар қатарында үрдіске айналған. Биыл да өкілдікке қарасты қала мешіттерінде ауызашар дастархандары жасалып, 1200-ден астам адамға тағам үлестірілді.

«Кімде-кім ораза ұстаған жанды ауызашарға шақырып тамақ беріп аузын аштырса – ораза ұстаған адамның алатынындай сауап алады. Аузы берік адамның сауабынан да еш нәрсе кемімейді». Хадис өнегесін басшылыққа алған «Нұр Астана» орталық мешітін Рамазан айына өзгеше дайындықпен кірісті. Ресторан үлгісінде екі бірдей Рамазан шатыры тігіліп, мешіт жанынан ауыз ашуға мүмкіндік жасалды. Алланың ризалығы үшін ораза ұстаған жамағатқа ауызашар дастарханы жайылды. «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай жиналған жамағатқа ораза айының қадір-қасиеті мен ораза ұстаудың дүние-ақыреттік пайдасы жайында тұщымды уағыз-насихат айтты.  

Айта кетсек, Рамазан айында қала мешіттерінде күн сайын халыққа, қала қонақтарына және жамағатқа арнап тегін ауызашарлар ұйымдастырылады. Мәселен, «Нұр Астана» орталық мешіті 400 адамға, сондай-ақ, «С.Ғылмани» мешітінде 250 адамға, «Әл-Ғани» мешітінде 200 адамға, «Әлжан ана» мешіті 150 адамға, «Төлебай» мешітінде 50 адамға, «Шейх Кунта қажы» мешітінде 50 адамға, «Әс-Сәлам» мешітінде 70 адамға арнап ауызашар дастархандары жайылады.

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

1

2

3

4

5

7

8

11

6

10

12

13

15

16

17

"СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ" МЕШІТІ:

ec73cfd8 5010 4508 9150 ed471e88f7a3

3ec4f875 b594 452f 8c74 94218f2ef7b9

5d0f4ee4 3240 49d1 9907 cac7fbe905cd

062aa3b4 c30e 45e2 ab36 887266e65a70

e3bd2d80 1412 4492 9b3b d80bb5d9d1b6

9fc11645 1e31 43f5 9dec 306e2c385bf9

"ӘЛЖАН АНА" МЕШІТІ:

aljan 4

aljan 1

aljan 2

aljan 3

"ТӨЛЕБАЙ" МЕШІТІ:

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.39.32

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.40.02

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.39.47

"ШЕЙХ КУНТА ҚАЖЫ" МЕШІТІ:

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.42.39

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.42.56

"ӘС-СӘЛӘМ" МЕШІТІ:

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.51.07

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.51.12

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.51.14

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.51.14

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.51.16

WhatsApp Image 2018 05 17 at 22.51.18

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру