Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ректор Мәуліт кешіне қатысты

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 17.11.2019 2968 0 пікір
Ректор Мәуліт кешіне қатысты

Нұр-Мүбарак университетінің ректоры, профессор Мұхаммад аш-Шаххат Алматыдағы Вайнах мешітінде өткен шараға қатысып, Мәуліт кешінің маңыздылығын түсіндірді.

«Мәуліт мерекесін атап өту үммет бірлігін қалыптастырады. Бұл шараның қоғам сауаттылығын арттырудағы маңызы зор» деді Нұр-Мүбарак университетінің ректоры.

Сондай-ақ профессор Мұхаммад әш-Шаххат қазіргі жаһандану дәуірінде, рухани майдандағы ақпараттар соғысы кезеңінде әрбір мұсылманның сүйікті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) әлеміне ден қойып, өмірінен өнеге, көркем мінезінен көңіліне тоқып жатса, бұл адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін орасан мүмкіндік айы екенін жан-жақты түсіндіріп өтті.

Шараға жиылған жамағат ректорға көкейіндегі сауалын қойып, тұшымды жауап алды. Сондай-ақ Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Мәуліт оқылып, Вайнах мешітінің бас имамы, шейх Мухаммад Хусейн Алсабеков Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) тарихына шолу жасады. Шейх Мұхаммад аш-Шаххат әл-Жинди жамағатпен бірге Мәуліт дастарханынан дәм татып, батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру