Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Қызылжар» мешітінде құжаттар таныстырылды

«Қызылжар» мешітінің баспасөз қызметі 15.11.2019 3875 0 пікір
«Қызылжар» мешітінде құжаттар таныстырылды

Солтүстік Қазақстан облысының «Қызылжар» орталық мешітінде қала, аудан, ауыл имамдарының қатысуыменен III Республикалық имамдар форумында қабылданған құжаттарды насихаттауға арналған семинар өтті.

Жиынды ашқан «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы жиналған дін қызметкерлеріне құжаттарды түсіндіріп, оларды насихаттаудың маңыздылығын жеткізді.

Бұдан кейін облыстық «Қызылжар» орталық мешітінің наиб имамдары Аян Болатұлы «Жеті рухани қазық» Қазақстан мұсылмандарының рухани тұғырнамасы құжаты , Айтуған Тойбазар «Дін қызметкерлері атқаратын діни рәсімдер тізілімі» құжаты және Мухаммад-Кутб Рахимхожаевич «ҚМДБ құрылымындағы діни лауазымдар тізілімі және міндеттері» құжаты бойынша баяндама жасады.

Жиын соңында СҚО бас имамы Дүйсенбай Кенжетай қажы Байкемелұлы аталған құжаттарды біліп, оны мұсылман жұртшылығына жеткізу, үйрету әрбір дін қызметкерінің борышы екенін баса айтты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру