Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жетісу өңіріндегі жиын

Алматы өңірінің баспасөз қызметі 14.11.2019 2620 0 пікір
Жетісу өңіріндегі жиын

Нұр-Сұлтан қаласында өткен ІІІ республикалық имамдар форумының жалғасы Алматы өңірінің аймақтық имамдар форумына ұласты. Аталған алқалы жиын Алматы облыстық орталық «Қарасай батыр» мешітінде өтті.

Форумға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі С.Құрбанұлы, Алматы облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Ә.Ұзақбаев, Алматы облысы Талғар ауданының құрметті азаматы, ақын, сазгер Қамнұр Тәлімұлы, әкімдік қызметкерлері және имамдар қауымы қатысты.

Алғысөзді бастаған Сансызбай қажы Құрбанұлы ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, республикалық имамдар форумында қабылданған үш құжатты таныстырды. Алматы өңірінің өкіл имамы Қуаныш Бақытбекұлы діни қызметкерлердің лауазымдық қызметтерімен таныстырып өтсе, Қамнұр Тәлімұлы «Жеті рухани қазық» құжатының ұлт пен ұлысты, дін мен дәстүрді қамти білген уақытылы және заманауи қабылданған еңбек екенін атап өтті.

Жиын соңында аймақтық форум үндеуін Алматы облысы Талғар ауданының бас имамы Мұсабек Тағанұлы баяндап, жиналған руханият қауымы оны бірауыздан мақұлдады. Форумнан әсерленген ауыл-аймақ имамдары құнды құжаттардың мазмұны мен мәнін жамағатқа, бұқара халыққа таратуға уағдаласып, жылы лебізін жеткізді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру