Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қала халқы «Ораза айт» мерекесін тойлады

29.07.2014 3466 0 пікір

Айттың бірінші күні Орталық мешіт алдында халықтың көп қарасы жиналды. Қала тұрғындары мерекелік Айт намазына қатысуға келді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Семей өңірі бойынша өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышұлы барша Айт намазына келген жамағатқа арнаған сөзінде он екі айда бір келетін, дініміздегі ең қасиетті мерекелердің бірі Ораза айт мерекесімен құттықтаймын! Осынау ұлық мерекеде қасиетті Рамазан айында ұстаған оразаларыңыз, жасаған ғибадат-құлшылықтарыңыз бен қайырымды істеріңіз қабыл болсын деймін. Ораза айтта ренжіскен жандар татуласып, көптен көрмеген ағайындар бір-бірінің саулығын сұрасып, мұқтаждар қайырымдылыққа бөленіп, дертке шалдыққандарға Алла шипа берсін. Баршаларыңыздың отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, кәсіптеріңізге береке тілеймін! - деді. Өкіл имам намаз алдында ислам дініндегі рухани-адамгершілік тәрбие жайлы уағыз айтты.  Кейін жиналған қауым  Айт намазын оқыды намазға келген барша жамағат, елдің тыныштығын тіледі. Ораза айт үш күн бойы тойланады. Бұл күндері Мұсылмандар айт күндеріне үлкен мән береді. Айт күні мұсылмандар жетім-жесір, кембағал кісілерді сый-сияпат беріп қуантады. Үлкендердің, дос-жарандардың, таныстардың үйіне айттап барады.

 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру